«Еуразия» Бірінші арнасы 1997 жылдың қазан айында құрылды. Арна өзінің өмір сүру кезеңінде жалпы республикалық рейтингте бірінші орынды тұрақты ұстап отыр.
Телеарна эфирі – бұл ең жаңа және тексерілген жаңалықтар мен аналитика, халықаралық деңгейдегі үздік ойын-сауық шоулары, бірегей деректі бағдарламалар, өткір әлеуметтік ток-шоулар, теңдессіз реалити-шоулар, арнайы және әлеуметтік жобалар, ең жоғары деңгейдегі кинопремьерлер. Арна Қазақстандық теледидарда трендтер мен форматтарды орнатады.
Нақ осы арнаның эфирінде алғаш рет «Superstar KZ» және «X Factor Kazakhstan» ауқымды музыкалық шоулары пайда болды, олар эстраданың жаңа жұлдыздары үшін бастау алаңына айналды.
Ал мемлекеттік тілдегі ұзақтығы 4 сағаттық «Qoslike» ойын-сауық ток-шоуы – көрулер бойынша рекордсмен болып табылады.
«Қайырлы таң, Қазақстан!» және «Доброе утро, Казахстан!» атты тікелей эфирдегі таңертеңгі бағдарламалар күн аясын ашып, көрермендерді пайдалы ақпаратпен толықтырады.
Күн сайын көрермендер еліміздегі және әлемдегі «Главные Новости», «Басты Жаңалықтар», «Basty Prime», «Аналитика», «Құрылтай online» сияқты жаңалықтардан хабардар.
Телеарна әлеуметтік тақырыпқа көп көңіл бөледі, мысалы, «Köremіz» жеке оқиғаларды ашып, жекелеген азаматтардың проблемаларын көтереді.
2024 жылы қазақстандық телеарнада тұңғыш рет «Teleboom» бағалы сыйлықтарымен Телевикторинаны іске қосты.