«QazSport» – алғашқы мемлекеттік спорт телеарнасы.

Арна еліміздің және әлемнің басты спорттық оқиғаларын, сондай-ақ өзіндік талдамалық, жаңалықтар мен ойын-сауық бағдарламаларын таратады.

Хабар тарату 2013 жылдың 1 шілдесінде басталды. «Қазақстан» РТРК АҚ құрамына кіреді.

Тәулік бойы қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады.

Арнаның мақсаты мен міндеті – Қазақстанда спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Арнаның әлемдегі ең ірі спорттық іс-шараларды, соның ішінде УЕФА Чемпиондар Лигасын, Еуропа Лигасын, Олимпиада ойындарын және негізгі спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарын көрсетуге эксклюзивті құқығы бар.

Бұл арна Qazaqstan желісінің бөлігі болып табылады.