Телеарна 2000 жылдың 6 шілдесінде хабар тарата бастады.
Әлеуметтік бағыттағы телеарна жыл сайын өз өндірісіндегі контент көлемін арттырып келеді.
Телеарна өз жобалары арқылы патриотизм, жақынға қамқорлық, тарихқа, мәдениет пен өнерге құрмет көрсету сияқты құндылықтарды дәріптейді.
Арна бағдарламалары теледидар көретін ересек аудиторияға да, әлеуметтік желілер мен стримингтік онлайн-ресурстарды пайдаланатын жас буынға да арналған.
Телеарна өндіретін бағдарламалар мен телехикаялардың 88%-дан астамы қазақ тілінде көрсетіледі.