Платформа BirgeTV
BirgeTV – Қазақстандағы алғашқы стримингтік платформа. Ол көрермендерге мынадай мүмкіндіктер ұсынады:
- Отандық өндірістегі бейнеконтентті кеңінен насихаттау;
- Мемлекеттік тілдегі фильмдер мен телехикаяларды жоғары сапада тегін көру;
- Әртүрлі жылдары жарық көрген ойын-сауық жобаларының кітапханасына қол жеткізу;
- Көрерменнің сұранысына сай контенттің кең таңдауын ұсыну;
- Кестесіз және шектеусіз, 24/7 қолжетімділік;
- VOD кітапханасында мемлекеттік тілдегі 9 500-ден астам серия мен 5 000 сағаттық отбасылық контенттің болуы.
BirgeTV мемлекеттік, коммерциялық, өңірлік және жаңа FAST-арналарды қоса алғанда, 40 телеарнаны тегін стриминг арқылы көруге мүмкіндік береді.