IMS Сеть – құрамына «Семейное кино», «Кинобоевик», Qonaev Media, Atameken Business, Jibek Joly және «Той Думан» телеарналары кіретін телеарналар пакеті.
Бұл – бүкіл отбасыға арналған іскерлік, ақпараттық-танымдық, өңірлік және премиум-контентті біріктіретін әмбебап пакет.
Телеарналар қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Киноарналарда қазақстандық өндірістің фильмдерімен қатар Paramount, 20th Century Fox, DreamWorks Pictures және басқа да әлемдік киностудиялардың туындылары көрсетіледі.
Телеарналар «Қазақтелеком», AlmaTV, BeeTV, Qfilm және басқа да операторлардың желілерінде, сондай-ақ эфирлік теледидарда қолжетімді.