Елдің басты жаңалықтар арнасы 2012 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықты. Арна эфирінің 100%-ын отандық өндірістегі бағдарламалар құрайды.
Арна эфирінде сапалы сараптамалық бағдарламалар, репортаж форматындағы жобалар және өңірлердің тыныс-тіршілігін баяндайтын бағдарламалар ұсынылады. Жаңалықтар топтамасында экономикалық, спорттық және халықаралық шолулар, баспасөзге шолу, арнайы авторлық репортаждар және басқа да ақпараттық материалдар қамтылады.
Арнаның еліміздің өңірлерінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде кеңейтілген тілшілер желісі жұмыс істейді.