Платформа BirgeTV

BirgeTV – Қазақстандағы алғашқы стримингтік платформа. Ол көрермендерге мынадай мүмкіндіктер ұсынады:

  • Отандық өндірістегі бейнеконтентті кеңінен насихаттау;
  • Мемлекеттік тілдегі фильмдер мен телехикаяларды жоғары сапада тегін көру;
  • Әртүрлі жылдары жарық көрген ойын-сауық жобаларының кітапханасына қол жеткізу;
  • Көрерменнің сұранысына сай контенттің кең таңдауын ұсыну;
  • Кестесіз және шектеусіз, 24/7 қолжетімділік;
  • VOD кітапханасында мемлекеттік тілдегі 9 500-ден астам серия мен 5 000 сағаттық отбасылық контенттің болуы.

BirgeTV мемлекеттік, коммерциялық, өңірлік және жаңа FAST-арналарды қоса алғанда, 40 телеарнаны тегін стриминг арқылы көруге мүмкіндік береді.