Astana TV – 1993 жылдың 1 наурызында құрылған Қазақстанның ірі республикалық телеарнасы.

Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады.

Қазақстанның барлық облыс орталықтарында дамыған тілшілер желісі жұмыс істейді.

Телеарнаның эфирлік бағдарлама кестесіне жедел жаңалықтар, өзекті қоғамдық-саяси ток-шоулар, ойын-сауық бағдарламалары, эксклюзивті деректі фильмдер, сондай-ақ әлемдік және отандық кинотуындылардың үздік үлгілері кіреді.

Телеарна жыл сайын халықты жедел ақпараттандыруға, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеруге және қоғамның жан-жақты дамуына бағытталған жаңа бағдарламалар мен контент әзірлейді.