Jibek Joly – 2002 жылғы 25 қазанда құрылған халықаралық мәртебесі бар алғашқы қазақстандық ұлттық спутниктік және цифрлық телеарна, ҚР Президенті Телерадиокешенінің құрамына кіреді.

Эфир кестесі жедел жаңалықтарды, терең экономикалық талдауды, қоғамдық-саяси ток-шоуларды, бірегей тарихи-деректі фильмдерді, туризм туралы танымдық жобаларды және қазақ тіліне дубляждалған әлемдік хит фильмдерді қамтиды.

Jibek Joly арнасының контентінің жартысынан астамы отандық өндіріс бағдарламаларынан тұрады. Оларға «Жаңа уақыт» және «Новое время» ақпараттық-талдау бағдарламалары, «Ел» әлеуметтік ток-шоуы, «Түнгі Студияда Нұрлан Қоянбаевпен», «Жақсы адамдарым» ойын-сауық жобалары және тағы басқалары кіреді. Сондай-ақ, Jibek Joly эфирінде қазақ тіліне дубляждалған әлемдік кинематографтың мегахиттері, танымал сериалдар мен мультфильмдер көрсетіледі.