«Хабар» — қазақстандық телеарна, «Хабар» агенттігінің құрамына кіреді. Хабар тарату қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Эфирде жаңалықтар, ойын-сауық және ағартушылық бағдарламалар, ток-шоулар, деректі және көркем фильмдер көрсетіледі. Арна 1995 жылы құрылған.
Қазіргі медиакеңістікте «Хабар» телеарнасы — саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрлер арасындағы байланыс көпірі саналады. 28 жылдық тарихында арна мемлекеттік ақпараттық саясаттың ең сенімді көзі ретінде мойындалды. Техникалық және шығармашылық ресурстарының арқасында арна елдің барлық өңірлерінен маңызды саяси, мәдени және спорттық оқиғаларды тікелей эфирде көрсетуге қабілетті.
«Хабар» арнасы қазақ және орыс тілдерінде ондаған телехикая ұсынады. Күндізгі эфирлік торда өз жобаларымен қатар, серіктестік жобалар, көркем және деректі фильмдер де бар. Сондай-ақ, арна әлемдік деңгейдегі спорттық іс-шараларды да көрсетеді.
«Хабар» желісіне кіреді.
2024 жылғы арнаның қамту деңгейі – 79%