Қазақстан Республикасының коммерциялық телеарнасы, 2009 жылдың 9 қыркүйегінде құрылған.
Арна еліміздің барлық аумағында қазақ және орыс тілдерінде хабар таратуды жүзеге асырады. Дамыған цифрлық экожүйеге ие және стриминг платформаларында кеңінен танымал.
Эфир кестесі жедел жаңалықтарды, әлеуметтік-талдау және ойын сауық бағдарламаларын, отандық және шетелдік сериалдарды, сондай-ақ көркем фильмдерді қамтиды.
Телеарна жыл сайын нақты өмірдегі адам тағдырларына, қарапайым адамдардың әңгімелеріне және елдегі маңызды әлеуметтік оқиғаларға бағытталған өзіндік маңызды контент шығарады. Жаңа және сұранысқа ие жобалар: Данияр Жұмаділовпен «Интуиция» ойын-сауық-музыкалық шоуы, онда жұлдызды командалар нақты вокалистерді болжайды; «Late night show» танымал жүргізушісі Динара Сәтжанмен» кешкі бағдарламасы; «Жетінші студия» өзекті пікірталас алаңы; бұл маусымда телеарна жастарға арналған отандық сериал «10 Ғ» жасөспірімдер драмасы мен «Это море переполнится» драмалық сагасы сияқты жаңа сериалдарын ұсынды.
Жетінші арна Қазақстанның ойын-сауық және ақпараттық ресурстар арасында тұрақты жетекші орынға ие.