«Первый канал Евразия» 1997 жылы қазан айында құрылған. Өз жұмысын бастаған сәттен бастап, арна Қазақстандағы республикалық рейтингте тұрақты түрде бірінші орынды иеленіп келеді.
Эфир мазмұны:
Телеканалдың эфиріндегі контенттің 55%-дан астамы — өзінің өндірісіндегі бағдарламалар. Бұл — тек шынайы және жедел жаңалықтар мен сараптамалық материалдар, халықаралық деңгейдегі ойын-сауық шоулары, бірегей деректі жобалар, өткір әлеуметтік ток-шоулар, ерекше реалити-шоулар, арнайы жобалар мен әлеуметтік роликтер, сондай-ақ ең көп талқыланған кино премьералар. Арна Қазақстан теледидарындағы трендтер мен форматтардың көшбасшысы.
Дәл осы арнаның эфирінде еліміздегі алғашқы ірі музыкалық шоулары — «Superstar KZ» және «X Factor Kazakhstan» көрсетіліп, жаңа эстрада жұлдыздары үшін бастау алаңына айналды.
Qoslike ток-шоуы — мемлекеттік тілде жүргізілетін алғашқы ойын-сауық ток-шоуы, көру саны бойынша рекорд орнатқан жоба.
Телеканал әлеуметтік тақырыптарға ерекше көңіл бөледі. «Главные Новости», «Басты Жаңалықтар», «Асау жаңалықтар», «Köremіz», «Qаймақ» сияқты жобаларда қазақстандықтарды толғандырған маңызды мәселелер қозғалып, нақты адамдардың өміріндегі оқиғалар мен қиындықтар кеңінен баяндалады.
2024 жылы арна «Teleboom» атты телевизиялық викторинаны іске қосты. Бұл жоба құнды сыйлықтармен марапатталатын интерактив және көрерменнің эфир алдында көбірек уақыт өткізуіне бағытталған алғашқы бастама болды.
2024 жылғы арнаның қамту деңгейі – 86%